Алматыдағы «Орбита» ықшамауданында жалпықалалық сенбілік қалай өтіп жатыр - фоторепортаж

09.04.2022 в 17:06

Бүгін жалпықалалық сенбілік сағат 9.00-де басталды

Бостандық ауданына қарасты «Орбита» ықшамауданындағы колледж қызметкерлері Birge – taza Qazaqstan республикалық акциясы аясында өтіп жатқан жалпықалалық сенбілікке қатысты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Алып шаһар тұрғындары үйлерінің аумағы мен қатар іргелес жатқан аумақтарды да қоқыстан тазартты.

Айта кетейік, жалпықалалық сенбілік сағат 9.00-де басталды.


Қала аудандары бойынша сенбілік өтіп жатқан орындар:

  • 1) Алатау ауданындағы «Сосновый бор» экопаркінде жаппай ағаш отырғызу және іргелес жасыл аймақтардағы аумақты жинау жоспарланған.
  • 2) Алмалы ауданында сенбілікті Сайран көлінің шығыс жағалауында жаппай өткізу жоспарланған.
  • 3) Әуезов ауданында – Сайран көлі мен Үлкен Алматы өзенінің батыс жағалауында Жандосов көшесінің оңтүстігінде.  
  • 4) Бостандық ауданында – Абай даңғылының бөлу жолағы бойынша.
  • 5) Жетісу ауданында - Д. Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында.
  • 6) Медеу ауданында – «Восточка» ТК артындағы Казачка өзенінің, Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының бойында, ШААЖ-нан Диваев көшесі бойымен «Таулы қырат» кентіне дейін.
  • 7) Наурызбай ауданында – Қарғалы өзені аумағындағы Абай даңғылы және Байбақ батыр көшесінің солтүстігіндегі Қарғалы өзенінің айналасы.
  • 8) Түрксіб ауданында – Петрозаводская және Майлин көшелеріндегі жыралардың бойы.