Теміртау тұрғындары әлеуметтік желілерде қарайған қардың суреті мен видеосын жариялаған болатын
Теміртаудағы өнеркәсіп орындары «қара қар» туралы хабарламаны тексереді. Бұл туралы экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Теміртау тұрғындары тағы да қалаға таралған ыс жөнінде шағымданып жатыр. Экология департаменті табиғатты пайдаланушыларды, сондай-ақ, өнеркəсіп орындарының қолайсыз ауа райы кезіндегі қоршаған ортаға зардабын азайту шараларын орындауын тексермек», - деп жазды Мырзағалиев Twitter-парақшасында.
Оның айтуынша, тексеріс қорытындысы жұртшылыққа хабарланады.
Естеріңізге салсақ, бұған дейін Теміртау тұрғындары әлеуметтік желілерде қарайған қардың суреті мен видеосын жариялаған болатын.