Әсем Алдабергенова 30 миллион теңгенің 50 пайызын өзі құйса, қалған 15 миллион теңгесін несиеге алған
Өз бизнесін ашып, кәсібін дөңгелетемін деген азаматтарды мемлекет қашанда қолдауға дайын. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» қолдауымен жаңа өндіріс орындары ашылып, жұмыс орындары көбейіп келеді. Аталған қордан несие алып, кәсіп бастаған жандардың бірі Әсем Алдабергенова. Ол 15 миллион теңге несие рәсімдеп, қала ішінен азық-түлік дүкенін ашқан, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, дүкен сатып алған 30 миллион теңгенің 50 пайызын өзі құйса, қалған 15 миллион теңгені 5 жылға 6 пайызбен қайтарады.
«Бәрі бірден бола қалды деп айта алмаймын. Ойымдағыны қалай жүзеге асырамын деп жүргенде «Даму» қорының мемлекеттік бағдарламасы арқылы 6 пайыз жеңілдікпен несие алдым. Азық-түлік сатуда бұрын тәжірибем жоқ болатын. Бұрын өзімнің шағын тігін ательем бар еді. Осы дүкенді сатып алуға мемлекет бір жағыма шықты. Енді бар қиындық артта қалғандай көрінеді», – деді дүкен иесі Әсем АЛДАБЕРГЕНОВА.