|
20.12.2019 | 12:07
4204

Алматыда қар тазалау жұмыстарына 530 техника тартылды

Таңнан бері қалада 540 техника мен 1457 жұмысшы қар тазалауда

Алматыда қар тазалау жұмыстарына 530 техника тартылды

Алматыда түнімен қар жауды. Тазалау жұмыстарына арнайы техникалар жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түнде қалаға қалыңдығы 12 см қар түсті, ал тау етегіндегі аудандарда оның қалыңдығы 25 сантиметрге дейін жетті. Коммуналдық қызметтер қар жауғаннан бастап жолға мұзға қарсы материалдар себуде.

«Түнде көктайғаққа қарсы материалдар себілді, қар жауған кезде төгілгені 4090 тонна. 530 арнайы техника жұмылдырылды, оның ішінде 201 құмсепкіш техникасы бар. 327 жұмысшы қар тазалады», - делінген қалалық коммуналдық қызметтің хабарламасында.

Таңнан бері қалада 540 техника мен 1457 жол жұмысшысы қар тазалауда. Қаланың жоғары орналасқан аудандарында арнайы техникалар жолдың қозғалыс бөлігіндегі қарды сыртқа шығарып жатыр.

23 желтоқсанға дейін болжанған қардың түсуіне байланысты қар тазарту жұмыстарын бақылау үшін аудан әкімдіктері мен қала әкімдігінде тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

снег
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир