Қаладағы сейсмикалық жағдайға арналған шұғыл баспасөз мәслихаты өтті
Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев Алматыдағы жағдайдың тұрақты екенін айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Бұл туралы ол қаладағы сейсмикалық жағдайға арналған шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
- Жағдай тұрақты. Бүгінде қауіп төніп тұрған жоқ. Барлық сейсмикалық станса, барлық бақылау пункті штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Мониторинг бақылау түрлері бойынша жүргізіледі - гидрохимия, гидрология, GPS бақылаулары. Ешқандай ауытқулар тіркелген жоқ, - деді Дәулет Сәрсенбаев.
Бұған дейін алматылықтар жер сілкінісін тағы да сезінгені хабарланған еді.
Оқи отырыңыз: Алматыда жер сілкінісі тағы қайталанды