Жер асты дүмпулерін алдын ала болжау мүмкін бе

25.02.2024 17:44

Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр

elements.envato.com

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының басшысы Дәулет Сәрсенбаев аймақтағы сейсмикалық жағдайға баға беруге болатынын, бірақ ол абсолютті болмайтынын айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі seismology.kz-ке сілтеме жасап.

Бұл туралы ол Алматыдағы сейсмикалық жағдайға байланысты шұғыл баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

- Әлемде ешкім болашақ жер сілкінісінің орны, күші немесе эпицентрі туралы 100% болжам жасай алмайды. Бұл мәселемен әлемнің барлық ғалымы айналысып жатыр. Біздің сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия біз 24/7 алған деректерге негізделген, ықтималдығы 0,7, яғни 70% болатын қорытынды береді,- деді  Дәулет Сәрсенбаев.

Сонымен қатар ол Алматыда жағдай тұрақты және азаматтарға қауіп төніп тұрған жоқ деп мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: Жағдай тұрақты, қауіп жоқ: сейсмолог Алматыдағы жер сілкінісі туралы айтты