Сотқа дейінгі хаттама не үшін қажет

regnum.ru
regnum.ru
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Сотқа дейінгі хаттама дегеніміз не? Ол Азаматтық процесстік кодексіне (бұдан әрі - АПК) 2021 жылғы 10 желтоқсандағы Заңымен еңгізілген жаңа ұғым. Хаттамада тараптар бір-біріне сотқа келтірген дәлелдемелерді ұсынады, деп хабарлайды Almaty.tv.

АПК-ның 73-бабы 1-бөлігінің жаңа редакциясы былайша жазылады: “Дәлелдемелерді тараптар және іске қатысатын басқа да тұлғалар бірінші сатыдағы сотқа олар сотқа дейінгі хаттаманы жасай отырып, талап қоюды қабылдаған кезде ұсынады, онда тараптардың және іске қатысатын басқа да тұлғалардың олар өздерінің талаптарының немесе қарсылықтарының негізі ретінде сілтеме жасауға және істі сотта қараған жағдайда оларды пайдалануға ниет білдірген дәлелдемелерді ашу, ұсыну және алмасу бойынша әрекеттері көрсетіледі”.

Аталған баптың екінші бөлігінде сотқа дейінгі хаттаманы жасамаудың салдары көрсетілген. Тараптар тек сотқа дейінгі хаттамада көрсетілген дәлелдемелерге сілтеме жасауға құқылы. Яғни, егер тараптар дайындық барысында мұндай құқықты пайдаланбаса, онда сот отырысында олардың дәлелдемелерді ұсыну құқығы шектеледі. Осыдан кейін олар дайындық кезінде дәлел келтірмеу себебін дәлелдеуге мәжбүр болады.

Бұл жаңашылдық тараптарды тәртіпке келтіреді және сотқа шағым бергенге дейінгі дәлелдемелер жинауға жауапкершілікпен қарауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар тараптарға талап қою арызы өндіріске қабылданғанға дейін екінші тарап ұсынған дәлелдемерді білуге және татуласу жағдайын қарастыруға мүмкіндік береді. Мұндай жағдайларда талап он бес жұмыс күн өткеннен кейін соттың өндірісіне қабылдануы мүмкін. Ал әдеттегі талап қою арызы бес жұмыс күш ішінде қабылданады.

Тәжірибе көрсеткендей, тараптар жаңалықты ықыласпен қабылдамайды. Кейбіреулер сотқа дейінгі хаттама туралы мүлдем естімеген. Бір кездері медиация институтымен де осындай оқиға болған. Көбісі ол туралы естігілері келмеді. Алайда, уақыт оның тиімділігі мен пайдасын көрсетті. Сотқа дейінгі хаттамамен де осылай болады деген үміттеміз. Халық оның пайдасы мен тиімділігін түсінетіні анық.

Новости партнеров