Қалада 119 мың бейнекамера орнатылған – Алматы әкімі

Қалада 119 мың бейнекамера орнатылған – Алматы әкімі
Қалада орнатылған 119 мың бейнекамераның арқасында өткен жылы 1500 қылмыстық іс ашылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қалада орнатылған 119 мың бейнекамераның арқасында өткен жылы 1500 қылмыстық іс ашылған. Бұл туралы Бауыржан Байбек халықпен кездесу кезінде айтты.

Әкім жиын барысында қазір халыққа қызмет көрсететін орындарда адамдарды көп ұстамай, жедел қызмет көрсету жағы қолға алынып жатқанын да айтты, деп жазады Бақ.кз.

«Шағымдардың көбі көліксүйер қауым тарапынан түскен. Арнайыландырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өткен жылы 9 мыңдай қызметтің ережесі бұзылғандығы анықталды. Мұның барлығы онда жүгінетін қалықтың көптігімен байланысты болған. Сондықтан тағы үш АХҚКО ашылды»,- деді ол.

Сонымен қатар ол, соңғы үш жылда полицияның материалдық техникасын қамту үшін жергілікті бюджеттен 14 млрд теңге бөлінгенін жеткізді.  

«Мұның барлығы полицияның сапалы қызмет көрсетуі үшін жасалып жатыр. Қалада 119 мың бейнекамера орнатылған. Соның арқасында өткен жылы 1500 қылмыстық іс ашылған. Соңғы үш жылда ІІД-мен 170 полиция қызметкері жұмыстан босатылған. Полицейлердің көбі қала сыртында «времянкада» тұрады. Тәулігіне 12 сағат жұмыс істейді, олардың да бала-шағасы бар. Күнде қылмыскерлермен жұмыс істейді. Сондықтан оларды да түсінуге тырысуымыз керек», – деді ол.

Әкім сондай-ақ тұрғындар тарапынан түсетін арыздардың көпшілігі полиция қызметкерлерінің пара алу мәселесіне қатысты түсетіндігін жеткізді.

«Егер пара алатындар болса, онымен бәріміз бірігіп күресуіміз керек. Полицейлер де психолог, кім пара бергісі келіп тұрғанын олар да түсіне қояды. Көптеген адамдар «анау пара алды, мынау пара алды» деп шағымданады. Арыз жаз, жауапкершілікке тартамыз десең, «ол да адам ғой, баласы бар» деп шығады. Яғни өзіне артық жұмыс алғысы келмейді. Бәріміз бірге заңды түрде күресейік. Егер пара бердің бе, ісіңді жаптың ба, онда үстел басында отырып алып, «анау пара алады, мынау пара алады» деп ызыңдамаңдар», – деді әкім.


Новости партнеров