EЦ-166/18 мекемесі бастығының орынбасары 400 мың теңге пара алған
Ақмола облысында тергеу жолымен анықталған EЦ-166/18 мекемесі бастығының орынбасары, әділет майорының сотталған адамға қамқорлық және қолайлы жағдай жасау үшін азаматтан 400 мың теңге алған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Ал, Қарағанды қаласында облыстың Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылығымен бірге АК-159/1 мекемесінің бақылаушысы сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деген күдікпен әшкереленген. Ол 20 мың теңге сыйақы үшін сотталушыға марихуана және ұялы телефон өткізу арқылы өзінің қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланды деп айыпталуда.