Әлихан Смайылов енді қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайтынын айтты
«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы бұдан былай шахтаны жаңғырту үшін жыл сайын 150 млрд теңге инвестиция бөледі, деп хабарлайды Almaty.tv
«Бұл компания үшін көмір өндіру жөніндегі жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа алғаш рет жыл сайын кемінде 150 млрд теңге көлеміндегі инвестицияны көмір өндірісін жаңғыртуға салу қажеттігі туралы қосымша талап жаздық. Сонымен қатар көмір қатпарларын газдандыру үшін 7 млрд теңге салады. Бұрын мұндай болған жоқ. Жер қойнауын пайдалануға өзге де міндеттемелер қойылып отыр», - деді Әлихан Смайылов Сенаттың жалпы отырысында сенаторлардың сауалына орай.
Әлихан Смайылов енді қазақ тілін білмейтіндер Қазақстан азаматтығын ала алмайтынын айтты. Қазір Үкіметте Заңға өзгеріс енгізу мәселесі қарастырылып жатыр екен. Ол бойынша мемлекеттік тілді, мемлекет тарихы мен негізгі заңдарын білмеу - Қазақстан азаматтығын беруден бас тартуға негіз болады. Бұл өзгеріс қос азаматтыққа жол бермеу үшін де қолға алынған.
«Ол өзгерістер – заңнамаға еңгізілетін халықаралық тәжірибеге дайындалған нәрсе. Мысалы көптеген елде азаматтық алу үшін мемлекет тілін және сол мемлекетті білуі керек және тиісті емтихан тапсыруы керек. Ол талаптар азаматтық алатын адамдардың сол қоғамға тез сіңіп, меңгеріп кетуіне ықпал береді», – деді деді ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов
Сенат отырысында 2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы Заң жобасы қаралды. Жоспар бойынша келер жылы республикалық бюджет түсімдері 17,8 трлн теңге болады деп күтіледі. Ал қазынадағы қаржының басым бөлігі әлеуметтік салаға жұмсалады.
«Мәселен, осы бағыт бойынша 3 жылдық кезеңдегі шығыстар 36,3 трлн теңге, оның ішінде 2023 жылы 10,6 трлн теңгені құрайтын болатын. Оның ішінде әлеуметтік көмекке және қамсыздандыруға келесі жылға 5,2 трлн теңге жоспарланған», – деді ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев.
Тыңдалымнан соң Сенат үш жылдық бюджет туралы Заң жобасын Мәжіліске қайта қайтарды. Талқылау кезінде сенаторлардың ескертулері мен ұсыныстары тыңдалды. Депутаттардың айтуынша, шығындарды ұлғайту бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажет.
Кәмшат Мұхамеджан, Данияр Омар, Ринат Өтеев, «Алматы» телеарнасы, Астана