Алматыда 29 жастағы қыз көпірден секіріп өлмек болды
Денесі бірнеше жерден сынған ол есін енді жия бастаған
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Өлімге бас тіккен ол таңертең жұмысқа ағылып жатқан көліктердің алдына құлап түскен. Абырой болғанда, бойжеткен тірі қалды, деп хабарлайды КТК арнасы.
Бейнебақылау камерасына жазылған таспада кей жүргізушілер асфальтта жатқан адамды айналып өтсе, көлігін жолға қойған кейбірі жанұшыра көмекке ұмтылуда.
Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызды Алматы көпсалалы клинкалық ауруханасына жеткізген. Оның мұндай қадамға не үшін барғаны әзірге белгісіз.
Полиция бұл оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісіпті.
Ал денесі бірнеше жерден сынған Алматы облысының тумасы есін енді жия бастаған.
Алайда дәрігерлер жансақтау бөліміне түскен науқастың жағдайы әлі де ауыр дейді.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
23.10.2026 08:10
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32