Шымкентте үшем дүниеге келді
Otyrar.kz
Алғашқыда жағдайлары ауыр болғандықтан, сәбилер жансақтау бөліміне жатқызылыпты
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Сәбилердің үшеуі де ұл бала деп хабарлайды «Отырар» телеарнасының сайты. Нәрестелер 1500 және 1600 грамм салмақпен дүниеге келген. Шақалақтар мерзімінен бұрын алты айлық болып туған. Алғашқыда жағдайлары ауыр болғандықтан, сәбилер жансақтау бөліміне жатқызылыпты.
«Шала туған сәбилердің өмірін аман алып қалу үшін қалалық перинаталдық орталықтың медицина мамандары барын салды. Анасы мен сәбилері қазір өздерін жақсы сезінеді. Бір ай ішінде үшемдердің салмағы 2500 грамға жеткен», — деді қалалық перинаталдық орталықтың неонатолог дәрігері Мақсат Акпар.
38 жастағы ана Фазила Досметова үшемді дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды. Батыр ананың енді алты перзенті бар.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
04.11.2026 08:20
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
04.11.2026 08:11
Фатима Сұпығалиева дзюдодан жасөспірімдер Олимпиадасында топ жарды
03.11.2026 08:30
Әсел Жанасова Көлік министрі болып тағайындалды
03.11.2026 18:25