|
13.02.2019 | 12:10
15164

Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

Денис Тен туралы деректі фильм түсірілді

Алматыда Денис Тен туралы деректі фильм жарыққа шығады. Бұл туралы Денис Тен қоры хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат.

Деректі фильмді 23 ақпан мен 3 наурыз аралығында Бекмамбетов Синема кинотеатрынан көруге болады. Туынды белгілі спортшының мұзайдындағы шоуы туралы болмақ.

Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілде күні пышақ жарақатынан қаза болған еді. Оқиға Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында 19 шілдеде түскі сағат 15:00-дер шамасында болды. Спортшы көлігінің айнасын ұрламақ болған екі адамның үстінен түскен. Арада басталған жанжалдың салдарынан ұрылар Денис Теннің оң жақ санының жоғарғы тұсынан пышақ салды. 25 жастағы Тен үш литр қан жоғалтып, ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді.

2,5 сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері Теннің өміріне араша түсе алмады. Сағат 17.30-да Олимпиада жүлдегері қайтыс болды.

17 қаңтарда спортшының өліміне айыпты тұлғалар сотталды. Құдайбергенов пен Қиясов 18 жылдан арқаласа, Толыбаева 4 жылға сотталды.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир