Алматы облысында 6 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды

Алматы облысында 6 жасар қызды зорламақ болған педофил ұсталды
53 жастағы ауыл тұрғыны бірден полиция шақыртып, күдіктіні ұстап берген
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматы облысында 6 жасар қызға шабуыл жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.

Оқиға 11 маусым күні Алакөл ауданындағы ауылдардың бірінде болған. 

«25 жастағы жігіт дәрілік шөптер жинаймыз деп алдап, алты жасар қызды ауылдың шетіне алып кеткен. Ондағы ойы қызды зорлау болған. Қыз да соны сезгендей, қорыққаннан қатты айғайлай бастаған. Оның даусын жергілікті тұрғындардың бірі естіп қалып, көмекке келген жұрт қыздың киімін жұлып алған педофилдің тура үстінен түскен», – делінген хабарламада.

53 жастағы ауыл тұрғыны бірден ауыл учаскелік полиция қызметкерін шақыртып, күдіктіні ұстап берген. Абырой болғанда, қыз ешқандай зардап шекпеген.

Қазіргі уақытта күдікті Алакөл аудандық полициясының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Оның үстінен жас баланы зорлауға оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Новости партнеров