Халықтың әлеуметтік осал тобына атаулы көмек көлемі ұлғаяды

Сурет: elements.envato.com
Сурет: elements.envato.com
Өтемақы халықтың әлеуметтік осал тобының 8 санатына (ХӘОТ) төлеу жалғасады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда халықтың әлеуметтік осал тобы үшін атаулы көмек көлемі ұлғаяды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин мәслихаттың кезектен тыс XII сессиясында хабарлады.  

Оның айтуынша халықтың әлеуметтік осал топтары үшін тұрғын үй төлемдері мен атаулы көмек көлемін ағымдағы жылы 7,2 млрд теңгеден 2024 жылы 10,9 млрд теңгеге дейін ұлғайту ұсынылып отыр.

16,5 млрд теңге сомасына мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік көмек көрсету ұсынылады. Бұл жеке көмекшілердің, қимылмен түсіндіретін тіл мамандарының қызметтерінің төлемі және көмекші техникалық құралдарды сатып алу.

Қала әкімінің тапсырмасы бойынша келесі жылы 2 215 теңге көлемінде өтемақы халықтың әлеуметтік осал топтарының 8 санатына (ХӘОТ) төлеу жалғасады. Жалпы шығыстар 4,2 млрд теңгені құрайды. Бұл қаражат "инвестицияларға айырбастау тарифі" бағдарламасы аясында коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуін өтейді.

Оқи отырыңыз: Алматының алдағы 3 жылға арналған бюджеті әлеуметтік бағдарлануын сақтайды

Новости партнеров