Семейде мұғалімдер мектеп түлегіне пәтер сыйлады

16.05.2019 17:13

Еркежан Ерсінқызы қалалық Назарбаев зияткерлік мектебінің қамқорлығында болды

Семейде Назарбаев зияткерлік мектебінің ұжымы 19 жасар студент Еркежан Ерсінқызына бір бөлмелі пәтер сыйлады.

Қыз жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға әлеуметтік және патронаждық қолдау көрсету туралы келісімнің арқасында өз баспанасына ие болды, деп жазды semeyainasy.kz.

Мектеп ұжымы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған мектеп түлегіне пәтер сатып алу үшін тұрғын үй жинақ қорына 2013 жылдан бастап 6 жыл бойы ақша аударған.

19 жасар Еркежан Ерсінқызы 12 жасында тұл жетім қалған. Сәби кезінде әкесі, кейінірек анасы қайтыс болған. Соңғы бес жылда қыз туыстарымен бірге тұрыпты.

Қазіргі таңда Аягөз қаласындағы политехникалық колледжде оқиды.