|
09.07.2019 | 12:14
2581

Базар әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды (видео)

Нәрестенің анасы базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған

Базар әжетханасынан жаңа туған нәресте табылды (видео)

7 шілдеде әлеуметтік желіде әжетханадан табылған нәресте туралы видео жаппай тараған. Құзырлы органдар бұл оқиғаның Өзбекстандағы Сұрқандария облысы Денау ауданының «Лолазор» базарында орын алғанын анықтады, деп хабарлайды centralasian.org.

Видеода дәрігерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен тағы бірнеше адам нәрестені құтқаруға талпынған сәті бейнеленген. Денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, бала аман қалған, қазір ол Сұрқандария облыстық перинаталдық орталығында жатыр.

«Қыз бала, салмағы  3500 грамм, бойы  50 сантиметр. Дәрігерлер нәрестенің өмірі үшін күресіп жатыр», – делінген министрлік хабарламасында.

Нәрестенің анасы базар аумағындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Құқық қорғау органдары ол әйелді іздеп тапқан.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
Прямой эфир