|
23.01.2021 | 12:14
4435

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды

Қазіргі уақытта Сауат Мыңбаевтың денсаулығы қалыпты жағдайда

ҚТЖ басшысы Сауат Мыңбаев жарақат алды inform.kz

Қазақстан темір жолы" басшысы Сауат Мыңбаев дене шынықтырумен айналысып жатқанда жарақат алды, деп хабарлайды Almaty.tv.

22 қаңтарда Әлеуметтік желілерде Мыңбаевтың «омыртқасы ауыр жараланды» деген ақпарат пайда болды. Расталмаған мәліметтерге сәйкес, ол немістің Charité («Шарите») клиникасына жеткізілген.

Алайда кейінірек ұлттық компания өкілдері бұл қауесетті жоққа шығарды. Сауат Мыңбаевтың денсаулығына қауіп жоқ екенін хабарлады.

«Сауат Мыңбаевтың денсаулығы туралы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде тараған ақпаратқа қатысты мынаны хабарлаймыз. «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы спортпен шұғылдану кезінде жарақат алды. Қазіргі уақытта ол емделіп жатыр. Оның денсаулығына еш қауіп жоқ», –  деді баспасөз қызметі қызметкерлері.

Еске салайық, Сауат Мыңбаев 2018 жылы 20 қарашада «Қазақстан темір жолы» ҰК» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы болып тағайындалған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир