Жаңа жылға сыйлық: мемлекеттік қызметкерлерге смартфон ұстауға қайтадан рұқсат беріледі

Sputnik
Sputnik
Аталған Қаулыны Үкімет бүгін бекітті.
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Ол туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі мәлімдеді. Алайда мемлекеттік қызметкерлерге ондай мүмкіндік жасау үшін алдымен мемлекеттік орган орналасқан мекеме иелері полициямен бірлесіп қажетті нұсқаулыққа қол қоюы қажет. Сонда ғана мемлекеттік қызметкерлер сол ғимаратта смартфон қолдана алады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Бұл ретте Ақпараттық қауіпсіздік толығымен қызметкерлер мен мемлекеттік орган басшылығының жауапкершілігіне жүктеледі. Ал, Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев мемлекеттік органдағы нұсқаулықтар 1 айдың ішінде дайын болса, жұмыс орнында ұялы телефон ұстауға рұқсат беру - мемлекеттік қызметкерлер үшін «жаңа жылдық» сыйлық болатынын атап өтті. Министр мырза мұндай шектеу қаншалықты дұрыс немесе бұрыс еді, деген журналистер сауалына да жауап берді.

«Менің ойымша, мұндай дүние бізге керек. Аталған мәселе бірнеше факторға байланысты. Оның ішінде мемлекеттік қызметкерлердің смартфонға тәуелділігін төмендету де бар. Егер қауіпсіздікке қатысты проблемалар қайта туындаса, смартфонға қайтадан тыйым салынуы мүмкін», – деді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен АБАЕВ.

Новости партнеров