«Нұршашқан» ықшамауданында заманауи медициналық пункт салынады

«Нұршашқан» ықшамауданында заманауи медициналық пункт салынады
Мұндай тапсырманы Түрксіб әкімдігіне бүгін Бақытжан Сағынтаев берді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Нұршашқан» ықшамауланында жаңа заманауи медициналық пункт салынады. Мұндай тапсырманы Түрксіб ауданы әкімдігіне бүгін Бақытжан Сағынтаев берді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Осыған дейін тек тиісті құжаттардың өзі келесі жылы жасалады деп жоспарланған еді. Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қажетті әлеуметтік нысанды жедел түрде қолданысқа беруді тапсырды.

Сондай-ақ, қала басшысы қағазбастылыққа жол бермеу керектігін айтты. Кездесудің басында-ақ бағдаршам орнатуды сұраған жұртқа жарты жылдап уақыт жұмсаудың қажеті жоқ деді қала басшысы.

«Тұрғындардың қойған сұрақтарына жеке-жеке тоқталып, мүмкіндігінше шешіп жатырмыз. Биыл көгілдір отынға 50 пайыздық жеңілдікпен 17 отбасы қосылды. Ескі үйлерді сүру бойынша да ауқымды жұмыс жүргізіліп жатыр. Жұртшылықтың көбі сұраған спорт және ойын алаңдары жайы да назарымызда. Биылдың өзінде 24-ін аштық. Сосын қаладағы қураған ағаштардың басым бөлігі біздің ауданда орналасқан. Бұл бағытта да жұмыстар істеліп жатыр», – деді Алматы қаласы Түрксіб ауданының әкімі Павел КУЛАГИН.

Айта кетейік, Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі халықаралық әуежайдың мәдениет үйінде өтіп жатыр. Жиынға келген халық санының көптігі сонша, екі зал да лық толды. Бір бөлігі кездесуді лед экран арқылы көріп отыр. Ал сұрақ қоям деушілерге есіктер ашық тұр. Бүгінгі кездесуде халықтың басым бөлігі қоғамдық көлік, жол салу, әлеуметтік мекемелердің жетіспеушілігі және басқа да мәселелерді көтерді. Кездесуде көтерілген мәселелер мен шешімін тапқан сұрақтар жайлы толығырақ қорытынды жаңалықта айтамыз.

Новости партнеров