Өткен жылы Қарулы Күштерде 900 нысан жөндеуден өтті

Пресс-служба министерства обороны
Пресс-служба министерства обороны
Семей және Алматы қалаларындағы зауыттарда торлы 3D панельдер өндірісінің екі желісі құрылып, іске қосылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстан Қарулы Күштерінің инфрақұрылымын күтіп ұстау мен дамыту шеңберінде 2020 жылы бірқатар жаңа жоба жүзеге асты. Атап айтқанда, әскери қалашықтарды көркейту аясында алғаш рет 19 спорт және 9 балаларға арналған ойын алаңы орнатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Семей және Алматы қалаларындағы зауыттарда торлы 3D панельдер өндірісінің екі желісі құрылып, іске қосылды. Бұл - панель түріндегі қоршаулар. Объектілердің болжамды өнімділігі айына 4 400 панельді немесе 11 000 метрді құрайды. 

Алматы, Жамбыл, Қарағанды және Семей гарнизондарында төрт жөндеу-қалыпқа келтіру зауыты іргесін көтерді. 

Аталмыш бөлімшелердің қызметінің арқасында 2020 жылы 105 млн теңге үнемдеуге, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың сапасы мен мерзімін айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік болды. 

Алматыда қоршаған ортаға зиянды заттардың шығуын азайту, сондай-ақ жылу энергиясын өндіру шығындарын оңтайландыру мақсатында екі қазандықты газбен қамтамасыз етуге көшіру жобасы іске қосылды.

Жалпы алғанда екі қазандықты газбен қолдануға ауыстыру жыл сайын шамамен 500 млн. теңгені үнемдеуге мүмкіндік береді. 

Бұдан өзге, 2020 жылы шамамен 900-ге жуық объектіге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді. Олар - 175 сақтау объектісі, 74 әкімшілік және 37 тұрғын үй нысаны, Аягөз гарнизонының 34 объектісі (2020 жылы маусымдағы ТЖ салдарын жою, ә/б гарнизонның объектілерін дауыл жел зақымдады). 

101 нысанның шатыры мен қасбетіне жөндеу жүргізілді. 178 объектіде кәріз, сумен жабдықтау, газдандыру желілері және басқа да коммуникациялар жөнделді. 2019 жылмен салыстырғанда ағымдағы жөндеу жұмыстарының үлесі 88% артты. 

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарының жергілікті атқарушы органдары оқ-дәрі сақтау орындарын қазу кезінде пайдаланылатын топырақ пен құмды өз бетінше өндіруге жер учаскелерін бөлу мәселесін пысықтап жатыр. 

Бұл материалдарды сатып алу шығынын едәуір қысқартады деп күтілуде. 

Жолдар мен жол төсемдеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу көрсеткіші 49%-ға артты. 

Биыл 188,5 мың шаршы метр жолдың бетін бетон асфальтпен жабу, сол сияқты 11 мың метрден астам бордюрді орнату жұмысы орындалды.

Новости партнеров