Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тұрғындар алдында есеп берді

Түрксіб ауданының әкімі Бақытжан Сағынтаевқа тұрғындар алдында есеп берді
Павел Кулагин шаһар басшысының тапсырмалары қалай жүзеге асып жатқанын айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың Түрксіб ауданы тұрғындарымен кездесуі өтіп жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Аудан әкімі Павел Кулагиннің айтуынша, «Әлмерек» ықшамауданындағы 1100 жекеменшік үйдің 400-іне бүгінде газ қосылып, тағы 100 аулаға қосылғалы жатыр. Бұдан бөлек, ықшамауданның 17 көпбалалы отбасына 50% жеңілдікпен газ қосылса, 23 тұрмысы төмен отбасына бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша желі арқылы газ жүргізілген.

Сондай-ақ аудан әкімі Павел Кулагин аулаларды абаттандыру жұмыстарына да тоқталды. Қазірге дейін ауданда 68 спорт алаңы мен 24 футбол алаңқайы салынған. «Жас қанат» ықшамауданында 515 шырша мен 100 жапырақ тұқымдас ағаш отырғызылды.  Тынышбаев, Сауранбаев көшелері мен Сүйінбай даңғылына және Артиллерийский көшесіне тротуарлар салынды. 36, 41, 74, 86 секілді 4 автобус бағытының қатынау аралығы қысқарды. 80% жылжымалы құрам жаңарды. Жангельдин гүл бағындағы құрылыс аяқталған. Биыл қараша айында Сауранбаев көшесіне жарық орнатылып, апатты жағдайдағы үш аялдама кешені сүрілген, жаңа қоршау жасалып, ағаштарды санитарлық кесу жұмыстары жүргізілген.

Алматы әкімінің Түрксіб ауданы тұрғындарымен болған кездесуі жайлы толық мән-жайды бүгін "Алматы" телеарнасынан сағат в 13:00, 15:00, 19:00 және 19:30-да болатын жаңалықтардан біле аласыздар.


Новости партнеров