Алматы әкімі Ерболат Досаев қаңтар оқиғасы құрбандарын еске алды

05.01.2023 17:14

Қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағышталып, құрбан шалынды

пресс-служба акима Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев, қоғам қайраткерлері мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқандарды еске алу үшін Алматының орталық мешітінде құран бағыштап, құрбан шалды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Мешітке келгендердің қатарында ҚР Ұлттық Ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынов, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Нұрлан Оразалин, «Тұран» университетінің ректоры, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Рахман Алшанов, «Ана тілі» газетінің бас редакторы Қали Сәрсенбай, түркі мемлекеттері ұйымы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Икрам Адырбеков, «Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Алматы қалалық филиалының төрағасы Ақан Бижанов, «Жұлдыз» журналының бас редакторы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы төрағасының орынбасары Ақберен Елгезек, спортшы Ардақ Назаров және басқалары бар.