|
12.10.2020 | 12:17
5419

Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағы әуежайға қонбады

Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген

Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan ұшағы әуежайға қонбады ашық дереккөзден

Алматыдан Қостанайға бағыт алған FlyArystan әуе компаниясының KC7141 рейсі қонуға 22 минут қалғанда ұшақ кілт бұрылып, Алматыға кері қайтқан. Бұл туралы kazaknews.kz компанияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

«Ұшақ көкке көтерілген соң, 1 сағат 43 минут өткенде әуе кемесінде ақау тіркелгені жөнінде хабарлама іске қосылған. Ал бұл кезде Қостанай әуежайына қонуға 22 минут қалған болатын. Соған қарамастан ұшқыш кері бұрылып, Алматыға оралды», – делінген хабарламада.

Техникалық регламенттер рейсті жалғастыруға мүмкіндік беретіндіктен, әуе компаниясының шешімімен ұшақ Алматыға қайтарылған. Мамандар мұның себебін Қостанай әуежайында инженерлік-техникалық қызметтің жоқтығымен түсіндірген.

Экипаж жұмыс уақытының тығыздығына байланысты ауыстырылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир