Ерболат Досаев алматылықтарды Құрбан айт мерекесімен құттықтады

16.06.2024 17:17

Бұл жарқын мереке мейірімділікке, игілікке, руханият пен бірлікке шақырады

Пресс-служба акимата Алматы

Алматы әкімі Ерболат Досаев қала тұрғындарын қасиетті Құрбан айт мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Аlmaty.tv.

- Бұл жарқын мереке мейірімділікке, игілікке, руханият пен бірлікке шақырады. Құрбан айт - ізеттің, құрметтің көрінісі, ата дәстүрді еске салып, адамгершілік құндылықтарды нығайтады. Құрбан айт - қоғамдағы достық пен келісімді арттыратын бірлік пен ынтымақ мерекесі. Қасиетті бұл күні дұғалар қабыл болсын, - деп құттықтады Алматы әкімі Ерболат Досаев.

Оқи отырыңыз:Құрбан айт 2024: ел өңірлерінде қой бағасы қанша