Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: 10 жасар бала ауруханада көз жұмды

Қызылорда аялдамасындағы жол апаты: 10 жасар бала ауруханада көз жұмды
Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қаладағы аялдамалардың бірінде болған жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл ақпаратты Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасы растады.

«Балалар ауруханасына жатқызылған 10 жасар бала кеше Қызылорда уақытымен сағат 20.30 шамасында көз жұмды. Біз барлық тиісті шараларды жасадық, өкінішке қарай, баланы аман алып қалу мүмкін болмады», - деді Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Жанат Жәлиева.

Естеріңізге сала кетелік, жол апаты кеше сағат 09.15 шамасында Назарбаев даңғылы бойында болған. «Тойота Камри» маркалы автокөлігі «Mercedes-Benz» көлігін сол қапталынан келіп соққан. Салдарынан «Тойота Камри» жүргізушісі көлікті басқара алмай, автобус аялдамасында тұрған адамдарды басып кеткен. Оқиғадан зардап шеккен 10 жасар бала мен 31 жастағы әйел балалар және қалалық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды.

Қызылорда облыстық Денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Айбек Мырзағұлов екеуінің де жағдайы өте ауыр екенін айтқан болатын.

Көз жұмған 3 оқушы да Қызылорда қаласындағы №12 орта мектепте білім алған. Нұрислам Заурбек пен Нұрдәулет Кенжебай аталған мектептің бесінші сыныбында, ал Кәусар Заурбек үшінші сыныпта оқыған.

Новости партнеров