Алматыда 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр

06.10.2021 в 17:17

Алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр –​ Бағдат Мусин

Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында 5G желісі тестілеуден өтіп жатыр. Бұл туралы ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Кейбір астаналықтар мен алматылықтар интернеттің жылдамдығы едәуір ұлғайғанын байқаған да шығар. Біз 5G желісін сынақтан өткізу үшін жиілік диапазонын бөлген болатынбыз. Байланыс операторлары Нұр-Сұлтан және Алматының кей жерлерінде 5G желісін тестіден өткізіп жатыр», – деп жазды ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі.

Оның айтуынша, алғашқы өлшемдер жақсы нәтиже көрсетіп отыр.