Энергетика министрлігі алдағы үш жылда 48 жаңартылатын энергия нысанын салуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды Almaty.tv.
Энергетика министрлігі электр энергиясына деген ортамерзімді қажеттілікті жабу үшін генерация секторындағы бірқатар жобаларды пысықтап жатыр.
«Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында жиынтық қуаты шамамен 2300 МВт болатын 140-тан астам ЖЭК объектісі жұмыс істейді. Электр энергиясын жалпы өндірудегі жаңартылатынэнергия көздерінің үлесі 3,7% болады. ЖЭК секторына тартылған инвестицияның жалпы көлемі 1 трлн теңгеден астам. Биыл ЖЭК-тен алынған электр энергиясының көлемі 4,5 млрд кВт/сағ немесе өндірістің жалпы көлемінің 4% көлемінде болжанады. Бұл ретте қаржы-есеп айырысу орталығы қол қойған шарттар шеңберінде 3 жыл ішінде жиынтық қуаты 850 МВт-тан асатын 48 ЖЭК объектісін қосымша енгізу жоспарлануда», - деді Энергетика министрі.