Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы заң көгалдандыру жұмыстарына серпін береді

Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы заң көгалдандыру жұмыстарына серпін береді
Ағаштарды кесу, оларды егу енді тек әкімдіктің рұқсатымен жүзеге асады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Бұл туралы қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан Сейтенов айтты. Ағаштарды кесу, оларды егу енді тек әкімдіктің рұқсатымен жүзеге асады. Бұрынғы заңда көгалдандыруға байланысты стандарттар мен нақты талаптар қарастырылмаған екен. Сондықтан, жауаптылар жаңа ережелер енгізген. Бүгін брифингте соны жіпке тізді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

«Егер ағаш мәжбүрлі түрде кесілген болса, оның орнына магистральды көше бойына биіктігі 20-25 сантиметр болатын ағаш егілу қажет. Мәселен, ауырып тұрған жасыл желекті кескен болса, орнына бір түп отырғызу қарастырылған. Ал, заңсыз кесілген болса, бір ағаштың орнына 100-ін отырғызады. Сондай-ақ, жасыл желекке жауаптылар кем дегенде жылына 4 рет ағаштарды зиянды заттардан тазартып тұрады», – деді қалалық жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан СЕЙТЕНОВ.

Жауаптылардың сөзінше, ескі заң бар-жоғы 10 парақтан тұрса, толықтырулардан кейін 100 беттен асып кеткен. Осыған қарағанда жасыл желекті қорғау мықтап қолға алынған. Жаңадан енгізілген талаптар жоғары. Бұл өз кезегінде Алматыны одан әрі көгалдандыруға септеспек.

«Біз осы құжаттың көмегімен Алматыдағы ағаштардың санын бұрынғыдан да арттырмақпыз. Осылайша мегаполисті жасыл ету көзделген. Жаңа талаптар, әрбір азаматтың қаладағы жасыл желекке жуапкершілікпен қаратады деп ойлаймын», – деді – деді қалалық Жасыл экономика басқармасының басшысы Ержан СЕЙТЕНОВ.  

Новости партнеров