Альпинистерді соңғы рет іздеуге шықты
Күні кеше тікұшақ 8 бұрылыс жасап, альпинисттердің жүруі мүмкін деген аумақтарды жіті қарап шыққан
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Іздеудің соңғы күні. Өкінішке орай, Тянь-Шань тауында жоғалып кеткен альпинистерді тірідей табу мүмкіндігі жоқ. Бүгін оларды іздеу бойынша соңғы әуемен айналып ұшу жасалып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Бұл туралы Алматы альпинизм федерациясы мен Қазақстанның альпинизм және спорттық құзға шығу федерациясы мәлімдеді. Күні кеше тікұшақ 8 бұрылыс жасап, альпинисттердің жүруі мүмкін деген аумақтарды жіті қарап шыққан.
Айта кетейік, алматылық альпинистер Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және Александр Чечулин Жеңіс шыңын бағындыруға кеткен еді. Алайда олар 6600 метр биіктіктен түсе алмай, байланыссыз қалған көрінеді. Сол жерде суықтап, сырқаттанған Александр Чечулин жан тапсырған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қыркүйекте қазақстандықтар қанша күн демалады
16.09.2026 20:00
Алматыда 14-20 қыркүйек аралығында ауа райы қандай болады
17.09.2026 09:04
17 қыркүйекке арналған валюта бағамы
17.09.2026 09:17
16 қыркүйекке арналған валюта бағамы
16.09.2026 09:37