Қарағандыда бір тәулікте 26 жол апаты орын алды

19.04.2019 17:20

Апат салдарынан төрт жолаушы ауруханаға түсті

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты (көктайғақ) 26 жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды tengrinews.kz

«Қарағанды – Теміртау» тасжолында SsangYong маркалы автокөліктің 35 жастағы жүргізушісі көктайғақ салдарынан, тізгінге ие бола алмай,

Toyota және Lada Priora көліктеріне соқтығысқан. Соның салдарынан SsangYong көлігіндегі бір жолаушы және Lada Priora автомобилінде отырған төрт жолаушы әр түрлі дене жарақатымен ауруханаға түсті. Жол апаты биыл 18 сәуірде болды", - деді өңірлік полиция департаментінің өкілдері.  Қарағанды облыстық полиция департаменті тағы да жүргізушілерге жол қозғалысы ережесін қатаң сақтауды және ауа райының қолайсыздығына байланысты жолда сақ болуға шақырады.