Скляр Нұр-Сұлтан атауын өзгертуге қатысты пікірін білдірді

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Оның айтуынша, бұл идея бұрыннан бері талқыланып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Үкімет мүшелері Нұр-Сұлтан атауын қайтадан Астанаға ауыстыруға қатысты өз ойын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik Қазақстанға сілтеме жасап.

Бүгін үкімет отырысынан кейін журналистер алдымен премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Склярдың жеке пікірін сұрады. Оның айтуынша, бұл идея бұрыннан бері талқыланып жатыр.

"Біріншіден, елорданың атауын өзгерту туралы идеяның қоғамда талқыланып жатқанына көп болды. Сөз жоқ, бұл – көңіл бөлуге тұратын мәселе. Күні кеше "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы оны қарауға енгізді. Меніңше, осы мәселені қоғам талқысынан өткізгеннен кейін парламентте қаралады. Сондықтан сәл күте тұрайық. Бұл мәселе кеше ғана көтерілді. Оны ой елегінен өткізу үшін біршама уақыт керек. Сол кезде өз ойымды айтамын", - деді Скляр.

Новости партнеров