Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамалуы мүмкін

04.07.2023 20:59

Руслан Жақсылықовтың айтуынша, бөлімшеден қашып кету – тәрбиеден кеткен кемшілік

gov.kz

Әскери бөлімнен қашып кеткен Дәулет Тұрлыхановтың ұлы қамалуы мүмкін. Ал оның кетіп қалуына жол берген офицерлерге тәртіптік жаза қолданылады екен, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов әскер жасөспірімдерді ұстайтын колония емес екенін айтып, бөлімшеден қашып кету – тәрбиеден кеткен кемшілік деп санайтынын жеткізді.

– Оның әскери бөлімнен кетіп қалуына жол берген офицерлер тәртіптік жазаға тартылады. Ал әскери қызметшіге қатысты жазаны сот анықтайды. Гауптвахтаға қамалуы мүмкін, – деді ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов.

Айта кетейін, Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Қонаев гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде мерзімді қызметін өткеріп жатып қашып кеткен еді. Өзінің тек заң бұзған әскери қызметшілер отыратын қамаудан босатылғаны да сол еді. Сөйтіп 2 шілдеде белгісіз бағытқа қарай кетіп қалған. Әскери қызметшінің орналасқан жерін анықтау бойынша іздестіру іс-шаралары ұйымдастырылды. Аталмыш факті бойынша қызметтік тексеріс тағайындалған. Айта кетейін, Дәулет Тұрлыхановтың өзі былтыр Мәжіліс сайлауынан кейін депутат болып, қазір халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі.