Ұйымдастырушылар музей түнін қаладағы барлық мұражайларда өткізілетінін айтады
Келушілер кешкі 19.00-ден түнгі 00-ге дейін музей ішін аралап, концерттік бағдарламалар тамашалады. Сонымен қатар, шеберлік сабақтар мен квест ойындар да ұйымдастырылған, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
Сирек кездесетін экспонаттарды көруге қаланың барлық мектеп оқушылары жиналыпты. Айтуларынша, осы шараға жыл сайын келіп, түрлі жаңалықтармен танысады.
«Мәдениет менің жаныма жақын. Осындай келіп, экспонаттарды қараған ұнайды. Бізге дейін өмір сүрген адамдардың тұрмыс-тіршілігі қызық», – деді келушілердің бірі.
«Мен музей түніне жыл сайын келемін. Келген әр жылда экспонаттар өзгеріп тұрады. Осы жылы әр кезеңдегі үтіктер көрсетілді. Менің ойымша, ол өте қызық. Шеберлік сабағында құрақ көрпе тіктік», – деді келесі бірі.
Ұйымдастырушылар музей түнін қаладағы барлық мұражайларда өткізілетінін айтады. Жаңа жылға дейін ай сайын кешкі 7-ден түн ортасына дейін қонақтар түрлі жерде экспонаттарды көре алады.
«Қонақтарды түрлі қызықты шаралар күтеді. Біз әр «Музей түні» сайын қайталанбас шоу жасағымыз келеді. Жаңа экспонаттар мен қайталанбас шеберлік сабақтарын өткізуге тырысамыз. Қонақтарымыз келген кезде жақсы әсер алып қайту үшін қолымыздан келгенін жасаймыз», – деді Алматы қаласы Музейлер бірлестігі директорының орынбасары Әнуар ҮМБЕТАЛИЕВ.