«Astana Media Week – 2021» медиа апталығы басталды

27.09.2021 17:22
baribar.kz

Елордада «Astana Media Week – 2021» жыл сайынғы медиа апталығы басталды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

AMW-2021 барысында халықаралық медиақауымдастық мүшелері ақпараттық күн тәртібінің өзекті мәселелерін көтереді.

Іс-шараға беделді әлемдік БАҚ-тың топ-менеджерлері, мемлекеттік аппарат өкілдері, танымал журналисттер, документалистер және АҚШ, Ұлыбритания, Ресей, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан блогерлері қатысады.

«Astana Media Weeк» – бұл барынша өмірге бейімді идеяларға, авангардтық шешімдерге, соны пікірлерге арналған бесінші жыл сайынғы оқиға әрі ғалам бейнесін сәл айқындау етуге тырысатын адамдардың көзқарасы таласқа түсетін және қорғалатын орын. «Astana Media Week-2021» екі күнге созылады. AMW-2021 іс-шарасы онлайн және офлайн-алаңдарда да жоспарланған.

Сонымен онлайн режимінде «Деректі кино: тәжірбиесі мен болашағы» дөңгелек үстелі және «Медианы дамыту стратегиясы» конференциясы өтеді. Осы оқиғалардағы талқылауларға 5 елдің спикерлері қосылады.

«Өткір әлеуметтік тақырыптарды қамту ерекшеліктері» және «Қазақ тілді баспалардың болашағы» атты дөңгелек үстелдері сарапшылардың, медиаменеджерлердің, журналисттер мен қоғамдық пікір көшбасшыларының басын қосады.

Сонымен қатар Formats Day іс-шарасы ұйымдастырылады.

Онда әлемдегі ең ірі телеөнім дистрибьютор-компанияларының өкілдері өнімдерінің тұсаукесерлерін өткізеді.