Санжар Мәдидің Қоянбаевқа өкпесі қара қазандай

27.09.2021 17:23

Қоянбаев актерге басты рөлдердің бірін бекітетінін айтып, уәде берген

Санжар Мәди «Алматы» телеарнасы Paparazzi бағдарламасы арқылы Қоянбаевқа өкпе-ренішін білдірді. Оның айтуынша, Нұрлан кезекті картинасында актерді басты рөлдердің біріне бекітетінін айтып, уәдені үйіп-төккен. Алайда жылдар жылжып, уақыт сырғыса да, танымал кинопродюсерден жауап болмаған.  

«Менің түсінгенім бойынша, ол маған «Саған лайықты рөл тауып берем» деді. Мен таңдап уақыт өткізудің қажеті жоқ, бір рөл бер ойнайын деп айттым. Бізде негізінде Америка-Қазақстан жобасы бар,  Лас-Вегаста түсіріп бастағанбыз. Бірақ фильм әлі аяқталмады. Мен ол туралы ешнәрсе айта алмаймын», – деді актер.

Нұрлан мен Санжар сауық кештерде кездесе қалса, олардың диалогы ұзаққа созылмайтын көрінеді. Соған қарағанда Қоянбаев сертінен тайған секілді...

«Нұрланнан жауап күтіп жүргеніме 2 жылдай уақыт болды. Ол ылғи уәде береді. Мәселен, ертең бізде жобаға байланысты түсірілім болуы керек. Мен қазір уақыты мен мекенжайын қашан жазып жібереді деп күтіп отырмын», – деді ол.

Санжардың отандық киномамандардан көңілі қалса да, ол шетелдік режиссерлармен байланысын үзбеген. Өнерді өмірім деп ұққан қазақ актері жуырда Ресей жұлдыздарымен бірлесе жұмыс істемек.