Өз баласына берешек: 6 млн теңге алимент төлемей жүрген қашқын әке ұсталды

elements.envato.com
elements.envato.com
Маңғыстаулық жігітті Қостанайда полициясы қамауға алды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алимент бойынша оның 6 миллион теңге қарызы болған. Оған ел аумағында іздеу жарияланып, ақыры баласына берешегін төледі, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап. 

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы алимент бойынша 6 млн теңге берешегі бар борышкерге қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабымен тіркелген қылмыстық істі сотқа жолдаған.

Айыпталушы сотқа келуден жалтарған.

Сондықтан, қала прокурорының өтінішімен бұлтартпау шарасы қамаққа алуға өзгертіліп, борышкерге іздеу жарияланды.

— Жүргізілген іздестіру шаралары нәтижесінде борышкер Қостанай қаласынан табылып, қамауға алынды. Қазіргі уақытта алимент бойынша берешегі толық өтелді. Қылмыстық іс қайта қаралу үшін сотқа жолданды, — дейді прокуратурадан.

Бұған дейін Жетісуда баласына алимент төлемей жүрген борышкерлер 150 млн теңгені құмар ойынға салғанын жазған едік.

Ал, Солтүстік Қазақстан облысында баласына алимент төлемеген 36 ата-ана қамалды.  

Оқи отырыңыз: Алматы облысында жүк көлігі қаққан 12 жастағы қыз көз жұмды

Новости партнеров