Ақтауда балаға зәбір көрсеткен дәрігер баланың анасынан және халықтан кешірім сұрады. Тіс дәрігері сол күні болған оқиғаға өкініш білдіретінін айтып, үндеуін жариялады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.
«Кешегі болған жағдай жөнінде мен өз кінәмді мойындаймын. Баланың анасынан кешірім сұрадым. Енді анасының және халықтың алдында тағы да басымды иіп кешірім сұраймын», – деді тіс дәрігері
Төлеген МҰХАМБЕТОВ.
Естеріңізге сала кетсек, өткен аптада төрт баланың анасы полияцияға арыз түсірген. Анасының айтуынша, стоматолог тісін жұлдыруға көнбеген баласын ұрып, белгісіз затпен ұрамын деп қорқытқан. Әлеуметтік желілерде тарап кеткен бейнекадрлерде расында дәрігердің баланы жұлқылап, күшпен жатқызып, тіпті баланың үстіне шығып алғанын көруге болады.