Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеді. Ведомство өкілдері оған не себеп екенін де айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
- Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.
Оқи отырыңыз: Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады