Қазақстанда 7-9 мамырда әскери шеру өте ме

03.04.2024 17:23

Қорғаныс министрлігі маңызды ақпарат айтты

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі

Қорғаныс министрлігі мамыр айындағы мереке күндері Қазақстанда әскери шерулер өткізілмейтінін мәлімдеді. Ведомство өкілдері оған не себеп екенін де айтты, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

- Қазақстанда 2024 жылы әскери парад өткізу бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, сондай-ақ басқа да мәселелерді шешу қажеттілігіне байланысты жоспарланбаған. Атап айтқанда, Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін ұстап тұру басымдық болып табылады, - деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомство өкілдері 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнінде де, 9 мамыр – Жеңіс күнінде де әскери шеру өткізу жоспарда жоқ екенін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Сәуірде күн 27 градусқа дейін жылынады