Жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салады
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде ағымдағы жылдың 30 маусымы сағат 00:01-ден бастап белгіленбеген мерзімге дейін қосымша шектеу шараларын енгізу, оның ішінде ірі сауда нысандарының және жаяу жүргіншілер аймақтарының, саябақтардың, скверлердің, қалаға кіріп-шығатын жолдардың жабылатыны туралы ақпараттың тарауына байланысты Алматы қаласының әкімдігі жанынан құрылған коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия аталған ақпараттың шындыққа сәйкес келмейтінін ресми түрде мәлімдейді, деп хабарлайды Almaty.tv.
Алматыдағы коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі Комиссия қаланың ресми дерек көздерінде жарияланған ақпаратты ғана қолдануға шақырады. Сонымен бірге, жалған ақпаратты таратқаны үшін жауапкершілікке тартылатынын еске салады.
Өз кезегінде, қала тұрғындарынан мегаполис аумағындағы эпидемиологиялық режимді: әлеуметтік қашықтықты, маска режимін ұстанып, адамдар көп жиналатын орындардан аулақ жүруге шақырамыз. Мүмкіндігінше, үйден шықпау керек, әсіресе, жасы 65 жастан асқан адамдарға сақ болған жөн.