|
19.09.2019 | 14:27
3797

Бердібек Сапарбаев: Білім бүгін болашақтың қандай болатынын айқындайды

В мероприятии приняли участие заместитель премьер-министра республики Бердибек Сапарбаев и аким города Бакытжан Сагинтаев

Бердібек Сапарбаев: Білім бүгін болашақтың қандай болатынын айқындайды

Бүгін Алматыда Халықаралық QS WorldWide білім Форумы өтуде. ҚР Премьер-министрінің орынбасары Б. Сапарбаев форумға қатысушылардың барлығын маңызды әрі қажет шарамен құттықтады. Ол Премьер-министр Асқар Маминнің құттықтау хатын оқып берді, деп хабарлайды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің баспасөз қызметі.

Хатта «Еліміз бәсекеге қабілеттілікті арттыру міндетін шешуде. Бүгін Форумға қатысушылар болашақта білім, ғылым және рухани құндылықтар аясында университеттерді дамыту перспективаларын талқылайтын болады» делінген.

Б. Сапарбаев Форумның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де өтуінің өзіндік символикалық мәні бар екенін атап өтті.

«Келер жылы Қазақстан екі ағартушы әл-Фарабидің 1150 жылдығы мен Абайдың 175 жылдық мерейтойларын атап өтеді. Бүгінгі конференцияны осынау ұлы ғұламалардың мерейтойлары қарсаңындағы маңызды шаралардың бірі деп атауға әбден болады»,– деді ол.

Айта кетерлігі, Форумға қатысушылар есімі университетке берілген ұлы Ойшылдың мәдени мұрасына арналған әл-Фарабидің музейінде болды. Музейге құнды материалдар мен әлем музейлері мен кітапханаларындағы түпнұсқа экспонаттарының көшірмелері және заманауи Қазақстанның әлеуметтік-мәдени модернизациясы, рухани және ғылым-білім саласын дамыту, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Мәдени мұра» Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруда еліміздің мәдени мұрасын сақтау және тиімді қолдануды қамтамасыз ету жөніндегі ауқымды құжатты материалдар қойылған.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир