Боран кезінде жүргізушілерге жол көрсетіп жүгірген полицей елді тәнтті етті

tengrinews.kz
tengrinews.kz
Боран кезінде жол көрсетіп жүрген адам – Қостанай қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторы, лейтенант Амантай Байжанов
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қостанайлық полицей Қазнетті тәнті етті. Ол тасжолдағы көлік жүргізушілерін қар құрсауынан құтқарып, қалаға апарар жолды көрсеткен, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Боран кезінде жүргізушілерге жол көрсетіп, жүгірген полицей туралы видео Желіде тарады.

«Көліктің алдына шығып, жүгіріп, қалаға шығатын жолды көрсетіп жүрген полицейлерге алғыс білдіремін», – дейді видео авторы.

Боран кезінде жол көрсетіп жүрген адам Қостанай қаласының патрульдік полиция батальонының инспекторы, лейтенант Амантай Байжанов. Ол полицияда 2014 жылдан бері жұмыс істейді. Үйленген, баласы бар.

«Бір жыл ішінде алғаш рет осындай дауылға тап болдық. Өзім де көлік жүргізгенмін, сондықтан мұндай жағдайларда көлік жүргізушісіне ештеңе көрінбейтінін білемін. Салдары жаман болуы мүмкін, сондықтан көп ойланбастан, көліктің алдына шығып, жол көрсеттім», – дейді Амантай Байжанов.

Новости партнеров