Ақтауда алимент төлемеген әке бас бостандығынан айырылды

24.07.2024 19:49

Сотталушының берешегі 3 миллион теңгеден асып кеткен

elements.envato.com

Ақтауда алимент төлемеген әке қамауға алынды. Сот оны 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырған, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сотталушының берешегі 3 миллион теңгеден асып кеткен. Ол осы күнге дейін жұмыссыз жүрген. Қалалық прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл – жыл басынан бері алимент үшін сотталған үшінші дерек. Бұған дейін өңірде ақы төлеуден жалтарған екі тұрғын 1 жылға бас бостандығынан айрылған. Қазір 10 қылмыстық іс бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

– Атқарушы өндірістерді зерделеу барысында алимент бойынша берешегі бар тұлғаларды, оның ішінде бір борышкердің 3 миллион теңгеден астам берешегі бар екені анықталды. Сотқа дейінгі тергеп тексерудің нәтижесінде Маңғыстау облысы кәмелетке дейінгі ауданаралық сотының шешімімен аталған тұлғаға қатысты 6 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған, – деді қалалық прокуратураның аға прокуроры Нұрбек Сүлейменов.

Оқи отырыңыз: Атырауда аққулар қырылып жатыр