Шуда жабайы қарасора аумағы 140 мың гектарға жеткен

zko.sud.kz
zko.sud.kz
Сол аумақ зерттелетін болады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шуда жабайы қарасораның табиғи жолмен көбейген аумағы 140 мың гектарға жетіп отыр, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Massaget.kz-ке сілтеме жасап. 

Жергілікті билік те, мамандар да жабайы өсімдікті емдік мақсатта пайдалану туралы мәселені көтеріп жүргеніне біраз болған. Қарасораны ем үшін қолданып, дәрілік заттар өндірмеген соң, табысы жоқтар қарасорадан есірткі заттарын өндіріп, таратуды кәсіпке айналдырғаны дүйім елге белгілі жағдай.

Сенат депутаты Бекболат Орынбеков еліміздің оңтүстік өңірлерінде ескірткі заттарының таралу фактісінің көп тіркелетіні осымен байланыстырады. Сондықтан жабайы қарасораны медициналық мақсаттарда өндіру мәселесін кешеуілдетуге болмайды деп есептейді.

"Қолданыстағы тәжірибені ескере отырып, заңнаманы зерделеу, олқылықтарды анықтау және оларды жою бойынша нақты ұсыныстар енгізу керек. Өнеркәсіптік немесе медициналық мақсаттарда өсімдік шикізатын қайта өңдеу бойынша, оның ішінде "Тараз Химпаркі" арнайы экономикалық аймағында озық технологияны енгізу арқылы өндірістер кешенін жасау керек. "Қазақстан-Ғарыш сапары" технологиясын пайдалана отырып, оның шоғырлану ошақтарының картасын жасап, жабайы өсетін қарасораның өсу алаңын зерттеу керек", - дейді Бекболат Серікбекұлы.

Оңтүстік өңірлерде есірткі қылмысының өршуіне бір жағынан қарасораның қараусыз өсіп жатқаны себеп болып отыр.

Маусым айында полиция қызметкерлері Жамбыл облысының Шу ауданында аса ірі мөлшерде есірткі заттарын сақтады деген күдікпен 47 жастағы жергілікті тұрғынды қолға түсірді. Ол есірткі саудасы арқылы 1 миллион теңге табыс таппақ болған.

Айта кету керек, елімізде 18 136 адам есірткіге тәуелді болып есепке алынған. Ал алты айға жетер-жетпес уақытта 1 мыңнан астам есірткі қылмысы тіркеліп үлгерген. Сондай-ақ, республика бойынша есірткі сақтаудың 203 фактісі анықталған.

Новости партнеров