Шымкентте отбасын жалғыз асырап отырған 13 жастағы балаға жұрт үй алып берді (видео)

nur.kz
nur.kz
Ағабектің ауру анасы мен төрт қарындасы бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкентте анасы мен төрт қарындасын жалғыз асырап жүрген 13 жасар Ағабек есімді балақайға қайырымды жандар үй алып берді. Сабақтан соң темір-терсек өткізіп, күніне 1500 теңге табатын жеткіншектің анасы жұмысқа жарамайды. Ал бұл отбасыны әкесі тастап кеткен. Ағабектің тағдыры көпшілікті бей-жай қалдырмай, еріктілер екі күнде оның отбасына үй алып берген, деп хабарлайды NUR.KZ.

Шымкент тұрғыны тас жолдың бойынан үсті-басы балшық болған баланы көріп қалып, оның жағдайын білуге асыққан.

«Бірнеше күн бұрын Забадам жаққа кетіп бара жатыр едім, трассаның бойынан 12-13 жасар баланы көрдім. Оның үстінің бәрі лас болатын. Мен «құлап қалған шығар» немесе «такси ұстай алмай тұр» деп ойладым. Расымен жеткіншек көлік тоқтатып тұр екен. Ол шошқа шаруашылығы маңынан жинаған темір-терсегін өткізгісі келіпті. Сосын мен баламен еріп, темір қабылдайтын орынға бардым. Қолымыздағы затты 1500 теңгеге өткіздік. Балақай әлгі ақшаға азық-түлік алатынын айтты. Мен онымен еріп үйіне дейін бардым.

Ал ол аяқ киімін шешкенде, мен шошып кеттім. Себебі менің аяқ киім деп ойлағаным, жаздық тәпішке екен. Ал оның үстіне бірнеше қабат қара балшық жабысыпты. Ол осы тәпішкемен 7-8 сағат бойы жүрген. Үйде бізді төрт кішкентай қыз күтіп алды. Олардың жастары 6, 5, 4, 3 жаста. Кішкентайлардың барлығы жеңіл киініп алған. Тіпті аяқтарында шұлығы жоқ.

Анасының әңгімесінен түсінгенім, Ағабек (ред: балақайдың аты) түске дейін мектепте оқып, түстен кейін отбасын асырайды екен», - деп жазбасын аяқтады автор videogram_kaz парақшасында.

Айта кетейік, ерікті азаматтың бұл видеосы жұртты бей-жай қалдырмаған. Осы жазбаны көрген көпшілік бір күнде 5 млн теңгеге жуық ақша жинаған.

Ал күні кеше videogram_kaz парақшасында Ағабектің отбасына деп 7 млн теңге жиналғаны, жеткіншектің отбасына жер үй сатып алынғаны хабарланды. Пәтер жалдап күнелткен отбасы бүгін жаңа үйге қоныс аудармақ.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

А это уже Шымкент . Несколько дней назад . - Я ехал со стороны Забадама , когда увидел голосовавшего парнишку лет 12-13 на трассе . Он был весь в грязи и я подумал что , что -то случилось , возможно он упал и не может доехать домой и ловит такси . Да , оказалось , действительно , он ловил такси , но для того чтобы сдать чермет , который собрал на территории Свинцового завода . Поехали сдали металл в приемный пункт за 1500т . Он рассказал что на эти деньги он должен купить продукты домой . Я поехал вместе с ним к нему домой . Когда он снял обувь , я был шоке . Так как до этого я думал что у него на ногах ботинки черного цвета , но в грязи . Оказалось , у него на ногах сетчатые сандали надетые на носки. И грязь настолько вь‘елась в эти сетки , что со стороны казались как ботинки , на самом деле на ногах мальчика это были огромные куски черной , мокрой земли . И так в этих сандалях он проходил примерно 7-8 часов в такую грязь и холод .Дома нас встретили 4 девочек в возрасте 6,5,4,3 лет . Оказалось это его сестренки. Все они были одеты легко и что самое меня потрясло , они были босые , без носков . Из рассказа матери я понял , что этот 13 летний мальчик , учился до обеда , а после школы с 13 часов , до 7-8 вечера , собирал металл и покупал продукты . Был кормильцем семьи. Я взял номер телефона у парнишки и поехал . P.s. На сегодняшний день волонтерами г. Шымкента , простыми гражданами собраны около 5 млн тенге , чтобы купить им жилье . А лишние продукты и одежду , которую принесли , раздали еще нескольким нуждающимся семьям по соседству . У меня все . Берегите детей .

Публикация от

Новости партнеров