Карантинге байланысты арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкелері жұмысын тоқтатты
Алматыда демалыс күндері өтіп тұратын арзан бағадағы азық-түлік жәрмеңкелері енді өтпейтін болды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Құрметті Алматы қаласының тұрғындары, халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин мерзімінде демалыс күндері өтетін жәрмеңкелер уақытша тоқтатылатынын мәлімдейміз», – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Алматыда карантин уақытында барлық саябақтар мен ұлттық парктер жабылатынын хабарлаған болатынбыз. Сондай-ақ, Медеу, Шымбұлақ, Көктөбе сынды демалыс орындары да уақытша жабылды.
Қазіргі таңда Алматыда 10 коронавирус ошағы анықталды. Қала бойынша сауда-ойын-сауық орталықтары, кинотеатрлар, балабақшалар мен мектептер жұмыс істмемейді. Қала ішінде жүруге шектеу қойылған жоқ, қоғамдық көліктер бұрынғы режимде жұмыс істеп тұр. Азық-түлік сататын дүкендер қалыпты кестеде жұмыс істеп жатыр.