ШҚО-да тергеу изоляторына ұялы телефонды поштамен жіберген

ШҚО-да тергеу изоляторына ұялы телефонды поштамен  жіберген
Бүгінде тыйым салынған заттарды жіберген кім екені анықталып жатыр
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғыларын, құлаққапты тәркіледі, деп хабарлайды baq.kz ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты тергеу изоляторында отырған адамға пошта арқылы сотталғандардың сақтауына және қолдануына тыйым салынған заттарды қырынуға арналған сұйықтықтың ыдысына жасырған. Қызметкерлер поштамен келген затты тексеру барысында қалбырдың ішіне жасырылған 2 ұялы телефон, USB және қуаттау құрылғыларын, құлаққап тәркіледі», - делінген ведомство хабарламасында.

Қазіргі уақытта тыйым салынған заттарды поштамен жөнелтушінің кім екендігі анықталып жатыр.

Жіберген адам анықталған жағдайда, ол заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

Новости партнеров