Қарағандыда 5 жасар баланы ит талап тастады

08.07.2024 17:29

Осы үшін ит иесіне айыппұл салынды

elements.envato.com

Қарағандыда балалар ойын алаңының жанында ит бес жасар қызды қауып алды. Үй жануарын иесі ағашқа байлап қойған. Бүлдіршін итті сипау үшін қасына барыпты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап.

Ит өзіне жақындаған балаға шабуыл жасап, бетінен тістеп алған. Баланы анасымен бірге ит иесінің өзі ауруханаға алып барды.

«Дәрігерлер шамамен 8 тігіс жасады. Сіреспеге, құтыруға қарсы вакцинация жасалмайды, өйткені баланың денесінде препараттарға реакция болды. Бүлдіршіннің бетінде тыртық қалатын болды. Иттің иесі баланың өзі жануарға жақындағанын және ата-анасының немесе қамқоршысының қарауынсыз жүргенін айтып, жауапкершіліктен бас тартты», - деді отбасының досы Виктория.

Бүлдіршіннің анасы баланы ата-анасы ойын алаңында қарап жүруге міндетті емес екенін және итте тұмсығын жауып тұратын тұмылдырығы болмағанын айтты.

Осы үшін ит иесіне айыппұл салынды.

Оқи отырыңыз: БҚО-да әйел адамға найзағай түсті