Еңбек Кодексінің талаптары бұзылғаны анықталды
Абай облысының прокуратурасы Семейдегі машина жасау зауытын тексеріп, жалақысын ала алмай жүрген жұмысшылардың мәселесін шешті, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.
Абай облысы прокуратурасының үйлестіруімен 90 млн теңгеден астам жалақы берешегі өтелді.
- Еңбек Кодексінің талаптарын бұзған "Семей машина жасау зауыты" АҚ 125 қызметкеріне 9 ай бойы жалақы төленбеген. Прокуратура басшылығы облыс әкімдігімен және уәкілетті органдармен бірлесіп, бірқатар шаралар қабылдады, - деді Абай облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.
Нәтижесінде жалақы бойынша берешек толығымен өтелді, сол арқылы 125 қызметкердің құқығы қорғалды.
Оқи отырыңыз: Риддерде төтенше жағдай орын алып, арнайы комиссия құрылды